🌞 Күннен жылу тарайды, анадан мейірім тарайды. Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі, адамгершіліктің бастауы.

Күннен жылу тарайды, анадан мейірім тарайды.
Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі, адамгершіліктің бастауы.

Отбасыда сүйіспеншілік пен сыйластық орнаса, әрбір шаңырақтың іргесі берік болады. Қиындықтар мен мазасыздықтарға толы мына өмірде бізді қорғайтын, қуаныш пен жылулық сыйлайтын – ол біздің отбасы.

Ұрпақтан-ұрпаққа берілетін моральдық құндылықтар мен жақындарымыздың қамқорлығы бізді мейірімді, таза әрі бай етеді. Сондықтан жақындарыңызға әрқашан қамқор болыңыз, сыйлаңыз, қадірлеңіз!

Отбасы – адам өмірінің тірегі, бақыттың қайнар көзі.

Толық тәрбиелік мақсат:
Бұл бейнероликтің негізгі мақсаты – отбасының адам өміріндегі орны мен маңызын ашып көрсету. Отбасы – адамгершіліктің, сүйіспеншіліктің, сыйластықтың, мейірім мен қамқорлықтың алтын ұясы екенін түсіндіру. Балаларды өз отбасын қадірлеуге, үлкенді құрметтеуге, кішіні аялауға, ата-анаға алғыс айтуға тәрбиелеу. Жақындарына қамқор болуға, бір-бірін сыйлап, түсінуге баулу. Сонымен қатар, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын ұлттық және рухани құндылықтардың бастауы – отбасы екенін насихаттау.
https://www.facebook.com/share/r/17AqVHqvgH/
Автор: zhambylbaitursynova
Добавлено: 22.09.2025 в 15:57