← Назад к новостям
 "Мектебім - мейірім мекені"

"Мектебім - мейірім мекені"

b0915skobilim
01.09.2025 в 12:12
101 просм.
Нет комментариев

"Новоишим қазақ орта мектебі" КММ де "Мектебім - мейірім мекені" тақырыбында 1 қыркүйек - Білім күніне арналған алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтті. Мерекелік іс-шарада Қазақстан Республикасының  Туы салтанатты түрде көтеріліп, мемлекеттік әнұран шырқалды.Мектеп оқушылары мен ұстаздар қауымын мектеп  директоры Баймагамбетова Балжан Шәріпқызы жаңа оқу жылының салтанатты түрде ашылуымен құттықтады. 2025-2026 ж. Оқу жылының ашылу салтанатында алғаш рет мектеп табалдырығын аттағалы отырған жас өрендерді, ата-аналар мен ұстаздарды құттықтауға аудандық полиция бөлімінің басшысы подполковник Харипов М. Е., аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Жаманбаева Р.Қ., ауданымыздың құрметті азаматы, ұлағатты ұстаз Тайшабаева А.Ж. арнайы қатысып, құттықтау сөздерін жеткізді.




Автор: b0915skobilim · 01.09.2025
101
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT