← Назад к новостям
Педагогикалық кеңестердің қорытындысы бойынша жұмыс кеңесі өтті

Педагогикалық кеңестердің қорытындысы бойынша жұмыс кеңесі өтті

saparov.muhanbetali
04.09.2025 в 20:24
386 просм.
Нет комментариев

📘 Педагогикалық кеңестердің қорытындысы бойынша жұмыс кеңесі өтті
📅 4 қыркүйек күні «Әдістемелік орталық» КММ базасында білім беру сапасын қамтамасыз ету департаментінің директоры Таласбаева Г.Т., департамент бөлімінің басшысы Панарина М.А., «Өрлеу» БАҰО» АҚ СҚО филиалының директоры Альмагамбетова Л.С. және орталық директоры Сәркен Р.С. қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.
📝 Кеңес барысында 2025- 2026 жаңа оқу жылының басталуына орай өңір мектептерінде өткен педагогикалық кеңестердің өткізілу барысы жан-жақты талқыланды. Талқылау Мемлекет басшысы республикалық тамыз конференциясында атап өткен басымдықтар негізінде жүргізілді.
👩‍🏫 Қатысушылар педагогикалық кеңестердің мазмұны мен форматына, қозғалған өзекті тақырыптарға, педагогикалық ұжымдардың белсенділігіне және ұйымдастырушылық деңгейіне талдау жасады.
✅ Кеңес қорытындысы бойынша мектептердің қызметін жетілдіруге және оқу жылының сәтті басталуын қамтамасыз етуге бағытталған нақты ұсынымдар әзірленді.

 

Автор: saparov.muhanbetali · 04.09.2025
386
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT