← Назад к новостям
1 Қыркүйек - Білім күні мерекесіне орай, жаңа оқу жылына арналған "Мектебім - мейірім мекені" атты салтанатты жиыны болды.

1 Қыркүйек - Білім күні мерекесіне орай, жаңа оқу жылына арналған "Мектебім - мейірім мекені" атты салтанатты жиыны болды.

tolebimakataeva
03.09.2025 в 17:27
350 просм.
Нет комментариев

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) 1 Қыркүйек - Білім күні мерекесіне орай, жаңа оқу жылына арналған "Мектебім - мейірім мекені" атты салтанатты жиыны болды. Салтанатты  шараға аудан әкімінің орынбасары Абдрашов Найманхан Айдарханұлы, аудандық полиция бөлімінің қызмет жөніндегі орынбасары, полиция капитаны Байжанов Биржан Исаұлы, ардагер ұстаз Амирова Адас Темірбекқызы  қатысты.
Салтанатты жиынды мектеп директоры Султанова Махаббат Төлегенқызы ашып, қатысушларды мерекелерімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Әрі қарай іс - шарада мектеп оқушылары өздерінің дайындаған өнерлерін көрсетсе, мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіндер ән айтып, өлең шумақтарын тарту етті. Алғашқы қоңырау соғу құрметі 1 сыныпқа келген бүлдіршіндерімізге берілді.
1 қыркүйек - әрбір оқушы,әрбір ата-ана үшін ерекше әрі қуанышты күн.
#Білімкүні
#Адалазамат_біртұтастәрбие 
#Қауіпсіздік_сабағы






Автор: tolebimakataeva · 03.09.2025
350
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT