← Назад к новостям
«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»

«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»

aktau.palace
20.08.2025 в 14:39
152 просм.
Нет комментариев

Оқушылар сарайында жаздық үйірмеге келіп жүрген балалардың және «Қазақ тілі» үйірмесі оқушыларының қатысуымен «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» тақырыбында логикалық ойындармен байланыстыра отырып, шара өткізілді.

Аталған шара «Кім көп біледі?», «Мақал – сөздің мәйегі», «Кім тапқыр?», «Көрермен көзайымы», «Сөз тапқанға...» деген логикалық ойындар шартымен ұштастырылып, қатысушы балалар мақал-мәтел айтудан жарысып, берілген тапсырмалардағы жұмбақтардың шешуін тапты. Осылай балалар өздерінің логикалық ойлау қабілеттерін шыңдады.

«Мақал – сөздің мәйегі» деп, дана халқымыз айтпақшы, мақал – аз сөзбен көп мағына беретін халық даналығының шыңы болып қала бермек.

Автор: aktau.palace · 20.08.2025
152
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT