← Назад к новостям
Күннің жалғасында лагерь тәрбиеленушілері Шу ауданы, Төле би ауылындағы М.Жүнісәлиев атындағы саябаққа топ болып серуенге шықты.

Күннің жалғасында лагерь тәрбиеленушілері Шу ауданы, Төле би ауылындағы М.Жүнісәлиев атындағы саябаққа топ болып серуенге шықты.

tolebimakataeva
25.06.2025 в 15:13
334 просм.
Нет комментариев

Шу ауданы, Төле би ауылы
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО)
«Айгөлек» жазғы сауықтыру лагері – 24 маусым күнінің іс-шарасы
2025 жылдың 24 маусым күні мектеп жанындағы «Айгөлек» жазғы сауықтыру лагерінің күн тәртібі дәстүрлі таңғы сергіту жаттығуымен басталды. Жаттығу балалардың сергектігін арттырып, белсенді бастама берді.
Күннің жалғасында лагерь тәрбиеленушілері Шу ауданы, Төле би ауылындағы М.Жүнісәлиев атындағы саябаққа топ болып серуенге шықты. Серуеннің негізгі мақсаты – балалардың жазғы демалысын қызықты әрі көңілді ұйымдастыру.
Балалар саябақтағы батуттарға секіріп, түрлі көңіл көтеру ойындарына қатысып, өз уақыттарын шаттыққа толы сәттермен өткізді. Ашық аспан астындағы ойындар олардың сергектігін арттырып, бір-бірімен достық қарым-қатынасын нығайта түсті.
Бұл күн оқушылар үшін қуаныш пен қызыққа толы, есте қаларлықтай сәттермен өрілді. Лагерь жұмысы осылайша балалардың жан-жақты дамуына бағытталуда.



Автор: tolebimakataeva · 25.06.2025
334
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT