← Назад к новостям
2025 жылдың маусым айының 19 күні мектеп жанындағы «Айгөлек» жазғы сауықтыру лагерінде балалар үшін көңілді әрі пайдалы күн ұйымдастырылды

2025 жылдың маусым айының 19 күні мектеп жанындағы «Айгөлек» жазғы сауықтыру лагерінде балалар үшін көңілді әрі пайдалы күн ұйымдастырылды

tolebimakataeva
19.06.2025 в 19:18
382 просм.
Нет комментариев

Шу ауданы, Төле би ауылы
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО)
«Айгөлек» жазғы сауықтыру лагері.
2025 жылдың маусым айының 19 күні мектеп жанындағы «Айгөлек» жазғы сауықтыру лагерінде балалар үшін көңілді әрі пайдалы күн ұйымдастырылды. Таңертеңгі күн әдеттегідей сергіту жаттығуларымен басталды. Жаттығулар балалардың көңіл күйін көтеріп, сергек бастауға ықпал етті.
Келесі кезекте дене шынықтыру пәні мұғалімінің ұйымдастыруымен спорттық және эстафеталық жарыстар өтті. Балалар командаларға бөлініп, жылдамдық пен шапшаңдықтарын сынады. Бұл сәттер балалардың достық қарым-қатынасын нығайтып, белсенді болуына әсер етті.
Сонымен қатар, әр топ жетекшісі өз жоспарына сай түрлі ойындар мен шығармашылық жұмыстар жүргізіп, балалардың қызығушылығын арттыра түсті. Күн өте мазмұнды және көңілді өтті. «Айгөлек» лагерінің кезекті күні оқушылар үшін жарқын естеліктерге толы болды.



Автор: tolebimakataeva · 19.06.2025
382
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT