← Назад к новостям
Этноауыл 2025

Этноауыл 2025

b0915skobilim
03.06.2025 в 17:05
140 просм.
Нет комментариев

#Этноауыл2025
#Туғанөлке
#Біртұтас_тәрбие
Балалардың демалысын қызықты әрі пайдалы етіп ұйымдастыру, ата-бабамыздан мұра болып жеткен, дәстүрлерімізді көздің қарашығындай аялап, ұлттық салт-дәстүріміз бен мәдениетіміз, қазақы болмысымызды дәріптеп насихаттау, рухани және мәдени құндылықтарды сақтау мақсатында 2025 жылдың 3 маусым күні Новоишим қазақ орта мектебінің ұстаздары мен оқушылары №2 Новоишим орта мектебінің аумағында орналасқан «Туған өлке» этноауыл сауықтыру лагеріне белсенді қатысты.
Жоба аясында бауырсақ дайындау бойынша, ағаш ою, қазақ ою-өрнектерін ою бойынша шебер сыныптар, музыкалық нөмірлерді орындау, "Қара жорға" биі, сондай-ақ балалардың белсенді қатысуымен көптеген ұлттық ойындар өткізілді.






Автор: b0915skobilim · 03.06.2025
140
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT