← Назад к новостям
JAS ҚАНАТ - ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС ЛАГЕРІ

JAS ҚАНАТ - ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС ЛАГЕРІ

64mektep
09.06.2025 в 15:25
101 просм.
Нет комментариев

Мектебіміздің «Jas қанат» мектеп жанындағы жазғы лагері өз жұмысын жалғастыруда. Бүгінгі күн балалар үшін қызықты да мазмұнды өтті. Күн тәртібі бойынша бірқатар танымдық және шығармашылық бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырылды. Таңғы дене шынықтыру жаттығуынан кейін оқушылар спорт алаңына жиналып, түрлі кезеңдерден тұратын эстафеталық ойындарға қатысты. «Number nomads» математика тобы балалармен логикалық есептер мен қызықты математикалық тапсырмалардан тұратын ойын түріндегі сабақ өтті. Бұл шара оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытып, білімге деген қызығушылығын арттырды. «Шеберлер әлемі» шеберлік сағатында балалар гүл егілген құмыралардың сыртын әсемдеп, оларды арнайы ілгіштерге бекітілетіндей етіп безендірді. Бұл жұмыс балалардың шығармашылық ой-қиялын дамытып, ұқыптылыққа баулыды. Бүгінгі күн балалардың жан-жақты дамуына бағытталған, есте қаларлық және пайдалы іс-шараларға толы болды. ВИДЕО КӨРУ

Автор: 64mektep · 09.06.2025
101
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT