← Назад к новостям
JAS ҚАНАТ - ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС ЛАГЕРІ

JAS ҚАНАТ - ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС ЛАГЕРІ

64mektep
04.06.2025 в 15:22
102 просм.
Нет комментариев

Бүгін лагерьдегі күніміз белсенділікпен басталды. Балалар ширақ және ырғақты қимылдар біріктірілген флешмоб биін орындап, көңіл көтерді. Балалар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің суреттерін салып, танымдық мәліметтермен танысып, өз білімдерін тереңдетті.
“Шеберлер әлемі” шеберлік сағатында балалар өз қолдарымен шоппер сөмкелерін жасап, қолданбалы өнерге деген қызығушылықтарын арттырды. Аспаздық бағытта дәруменге бай салат пен дәстүрлі бауырсақ дайындап, ұлттық тағамдармен танысты. Күннің жарқын нүктесі — “Этнолагерь” бағыты аясында балалардың қатысуымен өткен ертегіден қойылым болды. Бұл шара балалардың актерлік қабілеттерін ашуға мүмкіндік берді. Осындай жан-жақты мазмұнды күн лагерьдегі әр баланың белсенділігін арттырып, достық пен шығармашылық рухты нығайта түсті. ВИДЕО КӨРУ

Автор: 64mektep · 04.06.2025
102
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT