← Назад к новостям
 2024-2025 оқу жылының №5 педагогикалық кеңесІ

2024-2025 оқу жылының №5 педагогикалық кеңесІ

b0915skobilim
30.05.2025 в 09:30
250 просм.
Нет комментариев

Новоишим қазақ орта мектебінде 2024-2025 оқу жылының №5 педагогикалық кеңесі жаңа форматта ұйымдастырылды. Бірінші кезеңде әр әдістемелік бірлестіктері музыкалық сәлемдеме жолдап, «Оқу жылындағы оқушы мен мұғалім жетістігі» деген тақырыпта постер қорғап шықты. Жыл бойы еңбек еткен ұстаздардың жұмыстары сараланып, мектепішілік рейтинг бойынша ұстаздардың жетістіктері таныстырылды. Мектеп директоры Балжан Шариповна әр әдістемелік бірлестік жұмысын бағалап, марапаттады.
Педкеңестің екінші кезеңінде оқу жылының білім сапасы талқыланды. Оқушылардың оқу сапасын жақсартуды көздеген педагогикалық кеңесте бірнеше тақырыптағы өзекті мәселелер көтерілді.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. IV тоқсан, жылдық қорытынды бойынша білім алушылардың үлгерімі мен білім сапасының талдауы.
2.Қазақ тілі пәні бойынша емтихан қорытындысы
3. Оқу жылын аяқтау,1-8,10 оқушылар сыныптан – сыныпқа көшіру. Мақтау қағаздарымен марапаттау.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, оқу жылының қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды.







Автор: b0915skobilim · 30.05.2025
250
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT