← Назад к новостям
«Білімім-Отаныма!»

«Білімім-Отаныма!»

tolebimakataeva
23.05.2025 в 15:05
367 просм.
Нет комментариев

Бүгін М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) 1-11 сынып оқушылары арасында 2024-2025 оқу оқу жылының аяқталуына арналған «Білімім-Отаныма!» атты бірыңғай тәрбие сағаты өткізілді. Шара Қазақстан Республиксының Мемлекеттік Әнұранымен ашылып, оқушылардың бойында патриоттық, отансүйгіштік рух пен ұлттық бірлік сезімін оятты. Тәрбие сағаты барысында ҚР.Оқу –ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың құттықтауы көрсетілді. 2024-2025 оқу жылы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жаңартылған мазмұны негізінде жүзеге асырылып, білім алушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға , академиялық адалдықты нығайтуға және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді қолдануға бағытталды. Жыл бойы оқу-тәрбие жұмысы басты құндылықтарға негізделіп құрылды. Бүгінгі «Білімім-Отаныма!» атты тәрбие сағатында оқушылар білімнің ел болашағы үшін маңызын түсініп, өз үлесін қосуға дайын екендіктерін көрсете білді. Әр буын бойынша ең үздік деп танылған эссе жеңімпаздары марапатталды. Шара барысында оқушылар мектепке және ұстаздарға деген алғыстарын айтып, тілектерін білдірді.




Автор: tolebimakataeva · 23.05.2025
367
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT