← Назад к новостям
Құқық бұзушылық-заңды жауапкершілік

Құқық бұзушылық-заңды жауапкершілік

83mektep
19.05.2025 в 09:38
714 просм.
Нет комментариев

Мемлекет басшысының “Заң мен тәртіп” идеологиясы аясында 2025 жылдың 14 мамыр күні Ыбырай Алтынсарин атындағы N83 мектеп-гимназиясында 9-11 сынып оқушыларымен “Құқық бұзушылық-заңды жауапкершілік” атты кездесу өткізілді. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау академиясы Кәсіби оқыту институты кафедрасының доценті Ерлан Төлеуұлы Оралбек және Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау академиясы Кәсіби оқыту институты кафедрасының аға оқытушысы Альбина Жарылғасынқызы қатысты.
Алғашқы сөз кезегін Альбина Жарылғасынқызы алды. Өз сөзінде қоғамдағы жауаркершілік, әлеуметтік желілердегі құқық бұзушылық, әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік туралы ескертіп, әлеуметтік желілерде таралып жатқан қауіпті қосымшалардан аулақ болуды, заңсыз әрекеттерді жасамауға шақырды. Сонымен қатар, Альбина Жарылғасынқызы жасөспірімдер арасындағы бопсалау тақырыбына тоқталды.
Келесі сөз кезегін Құқық қорғау академиясы Кәсіби оқыту институты кафедрасының доценті Ерлан Төлеуұлына берілді. Сөзінде өзекті мәселе нашақорлықтың адамға әкелген зияны, жыныстық тиіспеушілік, көшедегі тәртіп пен ережелер туралы айтты. Өмірден әртүрлі мысалдар келтіре отырып, заң алдындағы жауапкершілігін атап өтті. Кездесу барысында оқушыларға видео материалдар көрсетілді. Және Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау академиясы Кәсіби оқыту институтытына оқуға түсу алгоритмін атап өтті.
Қорытындысында, Альбина Жарылғасынқызы Qamqor.gov платформасын таныстырып, оны қолдану аймағын түсіндірді. Балалар үлкен қызығушылық танытып, сұрақ қойып, толық жауап алды.


Автор: 83mektep · 19.05.2025
714
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT