Отбасы күні мерекесі қарсаңында қаламызда ерекше мағыналы шара өтті. Көшет отырғығу акциясына қаламыздың мектептері қатысты. ![]()
![]()
Ұйымдастырылған іс-шараға 8 орта мектебінің басшысы, әкімшілік және екі үлгілі отбасы көгалдандыру акциясына қатысып, қаланың саябақ аумағына жаңа тыныс сыйлады. ![]()
![]()
![]()
Табиғатты аялау мен отбасылық құндылықтарды ұштастырған бұл шара – бір күндік еңбек мерекесі ғана емес, болашаққа бағытталған өнегелі бастама болды. ![]()
![]()
Көшет отырғызу арқылы балалар ата-анасымен бірге табиғатқа жанашырлық танытып, қоршаған ортаға қамқор болудың маңызын терең ұғынды. ![]()
![]()
Саябақ аумағына шырша, үйеңкі және жеміс ағаштарының көшеттері отырғызылды. ![]()
![]()
![]()
![]()
Көгалдандыру жұмыстарына қатысушылар тек қана еңбек етіп қойған жоқ, табиғат аясында бір-бірімен етене жақындасып, жылы жүздесулер мен игі тілектер алмасты. Әр отырғызылған көшет – болашақ ұрпаққа деген сенім. ![]()
![]()
Көшеттер егілген жерлерге естелік белгілері қойылды. ![]()
![]()
Отбасы мен табиғаттың арасындағы үйлесімді байланысты нығайтқан бұл акция алдағы уақытта да дәстүрге айналып, саябақтың жаңғыруына серпін болмақ. Іс-шара соңында мектеп басшысы А.Ф Уалиева ата-аналарымызды Отбасы күнімен құттықтап, жылы лебізін, алғысын білдірді.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены