← Назад к новостям
Суды үнемде - болашақты сақта

Суды үнемде - болашақты сақта

b1418skobilim
21.04.2025 в 12:26
557 просм.
Нет комментариев

Бүгін яғни 18.04 сәуір күні 1-11 сыныптар аралығында "Суды үнемде - болашақты сақта" атты бірыңғай тәрбие сағаттары өтті.
Мақсаты: Оқушыларға үйде, мектепте, далада суды қалай үнемдеуге болатындығы туралы түсінік беру, және ол туралы ойлануға шақыру. Сондай-ақ ашық сабақ барысында алынған біліммен басқалармен бөлісуге шақыру. Сынып сағатының барысында су тапшылығы және үнемдеу үдерісі айтылды. Суды тұтыну кодексінің дайындалып, болашақта су мамандықтарын дайындауға көңіл бөлінгендігі жайлы толық мағлұмат берілді..
Су – тіршілік көзі, сусыз өмір сүру мүмкін емес. Өкінішке орай, әлемде судың қоры шектеулі. Сол себепті әрқайсымыз оны үнемдеп, тиімді пайдалануға өз үлесімізді қоса аламыз. Біз табиғи ресурстарға бай, әдемі мемлекетте тұрамыз. Бірақ сусыз біздің еліміздің де, жалпы адамзат баласының дамуы мүмкін емес. Ертең қандай жағдай болатыны сіз бен бізге байланысты.
Суды үнемдеп – болашақты сақтайық!
#Біртұтас_тәрбие
#Судыүнемдеу
#Болашақ



Автор: b1418skobilim · 21.04.2025
557
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT