← Назад к новостям
Өткенді еске алу бізді қазіргі уақытта күшті және болашақта дана етеді

Өткенді еске алу бізді қазіргі уақытта күшті және болашақта дана етеді

saparov.muhanbetali
11.04.2025 в 17:44
623 просм.
Нет комментариев

📌Өткенді еске алу бізді қазіргі уақытта күшті және болашақта дана етеді... 2025 жылдың 10 сәуірінде "Мағжан Жұмабаев атындағы ІТ-мектеп-лицей" КММ базасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған "Ерлік пен бірлік: ХХІ ғасырдың жас ұрпағына арналған Жеңіс тағылымдары" атты облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияның басты мақсаты-әскери-тарихи мұраны, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Жеңіске ықпал еткен адамдардың өмірі мен қызметін зерттеу арқылы оқушыларды рухани-адамгершілік, патриоттық тәрбиелеу, зияткерлік және шығармашылық дамыту. Конференцияға Солтүстік Қазақстан облысының 5-11 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар мен оқытушылар қазақстандықтардың соғыс жылдарындағы ерлігі мен жанқиярлығына арналған шығармашылық жобалары мен ғылыми еңбектерін ұсынды. Конференция тақырыбы қатысушылардың Ұлы Отан соғысының тарихын зерттеуге деген терең қызығушылығын тудырды, олар бұл шараны жыл сайын өткізуді ұсынды.

Автор: saparov.muhanbetali · 11.04.2025
623
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT