#Біртұтас_тәрбие #Аналар_мерекесі #Директордың_ТІЖО_ГазезГ #Ана_өмір_гүлі b1030skobilim 07.03.2025 в 17:20 800 просм. Нет комментариев https://www.facebook.com/profile.php?id=100023833780653 Ана шынында да өмір гүлі, күннің нұры екен. Әрбір Ана сәбиінің дені сау болып, жақсы азамат болып өскенін қалайды. Түн ұйқысын төрт бөліп оянатын Ананың сенімін ақтау қажет. Ол үшін біз жақсы оқып, үлгілі тәртібімізбен, спорттағы, өнердегі жетістіктерімізбен көзге түсуіміз керек. Ана жайлы ойыңды айтып тауысу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген құрметі, махаббаты шексіз. "Анаңның ақылы жүздеген ұстаз, мың сан мектептен артық тәрбие", - деген ұлағатты сөз бекерден бекер айтылмаса керек. Себебі, қандай тәлім–тәрбие беріп, сені алтын мен аптап, күміспен күптеп қойса да, анаңның берген ақылы мен жылы алақанына ештеңе татымайды. Қорыта айтқанда, барлық адам баласы ана алдындағы перзенттік парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек. Себебі, ең бақытты адам – анасы бар адамдар. Автор: b1030skobilim · 07.03.2025 800 0