← Назад к новостям
 «Әжем айтқан ертегі»

«Әжем айтқан ертегі»

b21mangystaubilim
14.03.2025 в 09:26
782 просм.
Нет комментариев

14.02.2025ж.күні мектебімізде «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Әжем айтқан ертегі» атты іс-шара өтті.  Іс-шараны бастауыш сынып мұғалімі: Ш.Төлесін жүргізді. Іс-шараның мақсаты – балаларды қазақтың ауыз әдебиетімен таныстыру, олардың қызығушылығын арттыру және ертегілер арқылы ұлттық құндылықтарды насихаттау.  Іс-шара барысында әжелер мен кітапханашылар қазақ халық ертегілерін оқып, олардың тәрбиелік маңызы туралы әңгімеледі. Балаларға түрлі ертегі кітаптары таныстырылып, халық ертегілерін оқып, олардың астарлы мағынасы мен өмірлік тағылымын түсіндірді. Сондай-ақ, балаларға арналған викториналар, қойылымдар және шығармашылық тапсырмалар ұйымдастырылды.  Бұл шара балалардың қиялын дамытып, ұлттық құндылықтарды бойларына сіңіруге ықпал етті. #біртұтастәрбие #балаларкітапханасы


Автор: b21mangystaubilim · 14.03.2025
782
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT