← Назад к новостям
Білім беру ортасы – баланың жан-жақты дамуының сапалы негізі.

Білім беру ортасы – баланың жан-жақты дамуының сапалы негізі.

saparov.muhanbetali
14.02.2025 в 16:09
700 просм.
Нет комментариев

⚜️Білім беру ортасы – баланың жан-жақты дамуының сапалы негізі. Дәл осы ортада оның қызығушылықтары қалыптасып, қабілеттері дамып, табысты өмір сүруге қажетті негізгі дағдылары жетіледі.
📚2025 жылғы 14 ақпанда М. Жұмабаев ауданы, Қарақоға ауылындағы “Балапан” бөбекжай-бақшасы базасында «Әр бала – бір жұлдыз» білім беру жобасы аясында «Мектепке дейінгі ұйымдардағы білім беру ортасы: баланың жан-жақты дамуы үшін жағдай жасау» тақырыбында семинар өтті.
🔖Семинарға жақын аудандар мен қалалардың мектепке дейінгі ұйымдарынан 40-тан астам педагогі қатысты. Семинар барысында педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісіп, келесі негізгі аспектілерді атап өтті:
📌Дамытушы орта – қауіпсіз, мазмұнды, бейімделетін.
📌Жеке көзқарас – әр баланың ерекшеліктері мен қызығушылықтарын ескеру.
📌Эмоциялық жайлылық – қолдау, қамқорлық, жылы атмосфера.
📌Ойын әрекетінің алуан түрлілігі – ойындар, шығармашылық, зерттеу қызметі.
📌Ата-аналармен ынтымақтастық – тәрбие берудегі ортақ құндылықтар.
Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!

Автор: saparov.muhanbetali · 14.02.2025
700
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT