Мұғалімдердің зерттеу мәдениетінің деңгейін жоғарылату, білім мекемелеріндегі зерттеу мәселелері бойынша іс-тәжірибемен бөлісу мақсатында облыстық «Әдістемелік орталық» КММ ұйымдастыруымен сабақты зерттеу тәжірибесі негізіндегі «ZERDELI USTAZ» білім жобасы аясындағы іс-шара 2025 жылдың 11 ақпан күні Новоишим қазақ орта мектебінде өткізілді. Іс-шараға Ғабит Мүсірепов ауданы білім бөлімінің басшысы - Карабаева Эльмира Мырзахметқызы, Петропавл қаласы «Әдістемелік орталық» КММ әдіскері Ельцова Лариса Филипповна, Lesson Study и Action research әдістерін жүзеге асырушы мақсатты алаң-мектептердің облыс бойынша тәжірибелі ұстаздары қатысты. Тәжірибе алаңында біздің мектептің ұстаздары «Іс-әрекетті зерттеу. Тәжірибе. Әдіс-тәсілдер. Нәтиже» тақырыбында Кожахметова А.С., Рамазанова Ж.Н., Қайыржан Д.С. өз шеберліктерімен бөліссе, технология пәні мұғалімдері Әскер Ж.Ә., Алгожина А.Қ. «Декорға арналған гипс фигураларын жасау». «Фетрден сәндік сөмкелер жасау» бойынша шебер сынып көрсетті. Сонымен қатар мектепте көрмелер ұйымдастырылып, оқушылар өз өнерлерін көрсетті.





Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены