← Назад к новостям
“Қош келдің,Жаңа жыл”

“Қош келдің,Жаңа жыл”

b21mangystaubilim
06.01.2025 в 21:07
614 просм.
Нет комментариев

✅26,27 желтоқсанда “Қош келдің,Жаңа жыл” 🐍атты
1-11сынып оқушыларына арналған жаңа жылдық мерекелік ертеңгілік пен “Жаңа жылдық кеш”ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жаңа жылдық ертегі әлеміне саяхат жасау болды.

🎄Мерекелік шара мектептің әсем безендірілген акт залында өтті. Балалар Аяз ата мен Ақшақарды ортаға шақырып, өз өнерлерін көрсетті. Әр сынып ерекше дайындықпен ән айтып, би билеп, жаңа жылға арналған өлеңдер оқыды. Сонымен қатар, ойындар мен конкурстар ұйымдастырылып, белсенді қатысушыларға сыйлықтар табысталды.

Ертеңгіліктің басты кейіпкерлері – Аяз ата, Ақшақар және ертегі әлемінің түрлі кейіпкерлері 🐍🐌🐔🐶🐷🧙🏻балаларды таңғалдырып, ерекше әсер қалдырды. Балалар оларға арнап тақпақ айтып, тілектерін білдірді.

Мереке соңында Аяз ата әр сыныпқа барып ата-аналардың балаларына дайындаған сыйлықтарын таратып, барлығына бақытты жаңа жыл тіледі.
Бұл жаңа жылдық ертеңгілік оқушылар үшін жарқын әсер мен ерекше естеліктерге толы мереке болды.

Автор: b21mangystaubilim · 06.01.2025
614
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT