Қысқы демалыстың ең ұмытылмас, сиқырлы мерекесі – Жаңа жыл. Балалардың ғажайыпты ең көп күтетін кезі. Біздің театр шеберханамызда осындай ғажайып орын алды. Қыздар мен ұлдар ертегі мен мультфильм кейіпкерлеріне айналды. Ұялшақтық пен қорқынышты ұмытып, қуанышпен, ұмытылмас әсермен Аяз атаға өлең оқыды, Ақшақармен ойнады, көңілді әндер айтты. Жаңа 2025 жылы барлығы жақсы болсын деген тілекпен, жаңа жылдық көңіл-күйімізбен бөліскіміз келеді.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены