← Назад к новостям
“Театрға саяхат” жобасы.

“Театрға саяхат” жобасы.

64mektep
20.12.2024 в 19:28
95 просм.
Нет комментариев

“Театрға саяхат” жобасы аясында мектебіміздің 11”М” сынып оқушылары үштік одақ болып, сынып жетекшілері А. Б. Шотпаеваның ұйымдастыруымен “Парасат майданы” қойылымына барды. Қ, Қуанышбаев театрында өткен бұл спектакльдің авторы белгілі қаламгер Т. Әбдік, режиссері Қ Р- ның мәдениет қайраткері Г. Миргалиева. Басты рөлді сомдаған кино және театр актері Нұркен Өтеуіл. Бұл шығармада автор жақсылық пен жамандықты, жауыздық пен мейрімділікті қатар қойып, кімнің жеңіске жететінін баяндайды. Спектакльге арнайы шақырылған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Төлен Әбдік сахнаға шығып, қойылымның режиссеріне, актерларға алғысын білдірді. Қойылымның оқушыларға берер тәрбиелік мәні зор болды.

Автор: 64mektep · 20.12.2024
95
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT