13 желтоқсанда "Жас батыр" облыстық әскери-патриоттық тәрбие беру орталығының базасында СҚО және Петропавл қаласының жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары арасында әскери-спорттық көпсайыстан облыстық онлайн чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Жеңімпаздар қатарында-біздің оқушылар, "Алға" әскери-спорттық клубының тәрбиеленушілері: Подласов Кирилл, Семыкин Александр, Абубакирова Олеся, Саттар Сәкен, Налетов Александр!Балалар грамоталармен, медальдармен, бағалы сыйлықтармен және жалпыкомандалық кубокпен марапатталды! Оқушыларымызды лайықты өнер көрсетулерімен құттықтаймыз және жаңа табыстар мен жеңістер тілейміз!
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены