← Назад к новостям

“ҰБТ-ға сеніммен барайық” атты тренинг өтті.

shkoshmambetova
15.10.2024 в 11:52
174 просм.
Нет комментариев

14.10.2024 физика пәні мұғалімі Манахбаева Жансая Нурмаханқызының ұйымдастыруымен, 11-сынып оқушыларына “ҰБТ-ға сеніммен барайық” атты тренинг өтті. Мақсаты: Мектеп түлектерінің ҰБТ — ға дайындығын тексере отырып, қорқыныш пен іштей қинаған сезімдерден құтылуға,өзін-өзі реттеуін, өзі-өзі бақылауға дағдыландыруын және сенімділігін арттыруын жүзеге асыру. “Мектеп түлектері сіздер Қазақстанның болашағысыздар, болашақ бүгіннен басталады. Сіздер кеше ғана бүлдіршін бала болсаңыздар, міне бүгін дүбірлі додаға қатысуға дайын тұрған түлексіздер. Алдарыңызда үлкен болашақ, ұлы мақсат міндет күтіп тұр. Асар белестерің, шығар биіктерің көп болсын. Кім көп еңбектенсе, сол жеңіске жетеді дегенсөз бар. Сондықтан да сіздерге тек сәттілік тілейміз!!!


https://youtube.com/shorts/D0KHtwmfIGE?feature=share

Автор: shkoshmambetova · 15.10.2024
174
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT