← Назад к новостям
"Инспектор сағаты" жобасы.

"Инспектор сағаты" жобасы.

64mektep
28.11.2024 в 14:27
127 просм.
Нет комментариев

"Инспектор сағаты" жобасының кезекті тақырыбы жоспарына сәйкес, «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» қалалық науқаны өтіп жатыр. Іс-шараның мақсаты - тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу. Оқушыларға құқықтық тәрбиені насихаттау.
«Жасөспірімдерге көрсетілетін зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің алдын –алу»  тақырыбында 8-9 сынып білім алушыларымен кездесу өткізілді. Кездесуге Астана қаласы ПД «Алматы» ПБ ЖКБ ЮПБучаскелік полиция инспекторы полиция капитаны А.С. Алькеева қатысты. Оқушыларға мектептегі және мектептен тыс жерде психологиялық және физикалық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша және көмек қажет болған жағдайда қандай көмек алуға болатындығы жайлы мәлімдеме берді. Нашақорлармен жұмыс жөніндегі кеңесші психолог-педагог Мальцева Инна оқушыларға «Нашақорлықтың алдын –алу»  бойынша презентация көрсетіп сұрақ-жауап арқылы тақырыпты толық түсіндіріп өтті. ВИДЕО КӨРУ

Автор: 64mektep · 28.11.2024
127
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT