2024 жылғы 22 қарашада Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде сәндік-қолданбалы өнер шебері, қолөнерші Ш.Байділдиннің «Өнер сыры - өрнекте» атты көрмесінің ашылуы өтті.
Көрмеге 1000-нан астам ою-өрнетің түрлері қойылды. Көрменің салтанатты ашылуында Қостанай облысы әкімдігінің Мәдениет басқармасының басшысының орынбасары Абдрахманов Мэлс, көрме авторы Шөптібай Байділдин, Сөз Қостанай облысының бас имамы Уалиев Бектұрсын, Мемлекеттік қызметтің ардагері Әбдіқадыр Әбілтаев, журналист Оразалы Жақсанов сөз сөйледі.
Іс-шараға шығармашыл зиялы қауым, БАҚ өкілдері, А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенттері, А.И.Никифоров атындағы көркемсурет мектебі оқушылары мен қала тұрғындары қатысты.
Сәндік-қолданбалы өнер шебері, қолөнерші Ш.Байділдиннің «Өнер сыры - өрнекте» атты көрмесі бір ай бойы жұмыс істейді.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2024. Все права защищены