Жас математиктерге арналған «Алтын сақа» олимпиадасының аудандық кезеңі өтті
«Алтын сақа» республикалық математикалық олимпиадасының аудандық кезеңіне «№2 Новоишим орта мектебі» КММ-нің 3-4 сыныптардың ең қабілетті және математикаға құмар оқушылары қатысты.
Балалар стандартты емес есептерді, логикалық басқатырғыштар мен математикалық теңдеулерді шешуде өз білімдері мен дағдыларын көрсете білді. Олимпиада талантты оқушыларды анықтауға және олардың нақты ғылымдарға деген қызығушылығын дамытуға тамаша мүмкіндік болды.
Олимпиада қорытындысы бойынша 3 «В» сынып оқушысы Прокофьев Сергей 3-ші орынға ие болды. ЖетекшісіЕ.М.Сорочан.ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Автор: b0917skobilim
Добавлено: 20.11.2024 в 10:32