← Назад к новостям
Мектебім- мейірім мекенім

Мектебім- мейірім мекенім

b065skobilim
01.09.2024 в 16:00
449 просм.
Нет комментариев

Біртұтас бағдарламасы аясында 1-қыркүйек "Мектебім - мейірім мекенім" атты мерекелік салтанатты жиын өткізілді. Мектебіміздің алғаш табалдырығын аттап 1-сыныпқа 27 оқушы келді. Бүлдіршіндерді құттықтауға зейнеткер ұстаздарымыз Рамазанова Г.М. мен Идрисова Г.Т. және Орман шаруашылығының басшысының ұсынысымен келгенші орманшы Құттымбетов Нұрлан Науанұлы келді. Сонымен қатар, Орман шаруашылығы қызметкерлерінің екі бүлдіршініне ақшалай сыйлық табыстады. Жиын барысында мектеп директоры Ж.Б.Бекенова барша ұжымды жаңа оқу жылымен құттықтап, ата-аналар мен оқушыларға толағай табыстар тіледі. 2023-2024 оқу жылында жақсы нәтиже көрсеткен ұстаздарды марапаттады. Жиын соңында 1-сынып оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, 11-сынып оқушыларымен бірге алғашқы қоңырауды соқты.

Автор: b065skobilim · 01.09.2024
449
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT