← Назад к новостям
 “ Виртуалды әлемдегі бала болмысы” тақырыбында бірыңғай ата - аналар жиналысы өтті.

“ Виртуалды әлемдегі бала болмысы” тақырыбында бірыңғай ата - аналар жиналысы өтті.

zhambylrmuratbaeva
01.11.2024 в 14:51
446 просм.
Нет комментариев

Бала тәрбиесі туралы тренинг жаттығуларын көрсетті.


   Шу ауданы білім бөлімінің 02.03/2627 хаты негізінде Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінде 01 қараша 2024 жылы “ Виртуалды әлемдегі бала болмысы” тақырыбында бірыңғай ата- аналар жиналысы өтті. Мектеп директоры А. А. Шаймаш ата -аналармен бала қауіпсіздігін бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. ДҚІЖО Г.Қалдыбекова ата - аналарға балаларының ұялы телефондарына бақылау қою керек  екенін, ата - аналардың балаларына көп уақыт бөлу керек екенін түсіндірді. Бала  өмірінің  қауіпсіздігі ата-ана мен мектептің ортақ мақсаты екенін айтып өтті. Жиналыс барысында мектеп психологтары Ж.Алиева мен А.Ескермесова ата - аналарға бала бойындағы қорқыныш - үрей, көңілсіздік пен проблемалық мазасыздықты танып білу белгілерін атап өтіп, кеңістіктегі бала тәрбиесі туралы тренинг жаттығуларын көрсетті. Жиналыс соңында  психологиялық кеңестер жазылған жаднамалар  таратылды.

Автор: zhambylrmuratbaeva · 01.11.2024
446
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT