← Назад к новостям
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалау

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалау

b0814skobilim
07.11.2024 в 13:20
636 просм.
Нет комментариев

 Біздің мектеп-гимназияда оқушылардың функционалдық сауаттылығын халықаралық салыстырмалы зерттеуге жан-жақты дайындық басталды. Бағалау Programmefor international Student Assessment оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы бойынша өтеді. Зерттеудің мақсаты-15 жастағы оқушылардың білім деңгейі мен дағдыларын қазіргі қоғамда өмір сүруге қажетті білім мен дағдыларын  бағалау.


 Не зерттейді? Тестілеу нәтижесінде жасөспірімдердің білім берудегі жетістіктері бүкіл әлемдегі құрдастарымен салыстырғанда және бір елдің алдыңғы буындарымен салыстырғанда бағаланады.
Неге зерттейді? Әр түрлі елдердегі және жеке елдегі білім деңгейі белгілі бір кезеңде (үш жыл) салыстырылады, бұл жеке елдің дамуын болжайды. 
Қаншалықты жиі өткізіледі? Оқушылардың білім жетістіктерін зерттеу үш жылда бір рет үш негізгі бағыт бойынша жүргізіледі: оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық және жаратылыстану сауаттылығы
 

Автор: b0814skobilim · 07.11.2024
636
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT