Мектебімізде оқушыларға арналған 20 минуттық оқу жобасы жоспарға сай мектебіміздің кітапханашысы А.А.Тезекбаеваның ұйымдастыруымен әрі қарай өз жалғасын табуда.
Жобаның мақсаты:
Мектеп оқушыларын көркем шығарма оқуға қызығушылығын арттыру, эстетикалық дүниетанымын қалыптастыру, сөздік қорын байыту, ақын-жазушылардың өлеңдерін, прозалық, драмалық еңбектерін, оқытып, таныту және үні мен өмір шыңдығын, шығарманың тәрбиелік мәнін, өнерін дарыту, шығармашылық қабілеттерін ашу және өз халқын, тілін, ақын шығармаларын құрметтеуге, рухын қастерлеуге тәрбиелеу;
Әдеби тілді сауатты әрі еркін меңгеруге дағдыларын қалыптастыру, жеке тұлғаның сезімдік мәдениетін дамыту;
Міндеттері:
1.Балалардың қазақстандық патриотизмі мен әлеуметтік белсенділігін қалыптастыру, талантты балаларды анықтауға және жұмыстануға жағдай жасау;
2.Балалар шығармащшылық қабілетттерін дамыту;
3.Өз елінің жетістіктері мен табыстарын құрметтейтін және бағалайтын, көркем әдебиетті сүйетін оқушылар бейнесін көпшілікке таныту;
4.Дарынды балаларды анықтау және оларға қолдау көрсету;
Мектеп кітапханашысы А.А.Тезекбаева жоспар негізінде бүгінгі таңда оқушылар арасында 20 минуттық оқу бойынша оқушыларымызға кітап оқуды насихаттап, оқуға деген қызығушылығын арттырып, көпшілік алдында сөйлеу мәнерін қалыптастыру мақсатында ақпараттандыру жұмыстарын жүргізуде.