Меню KDT
“Біртұтас тәрбие - саналы ұрпақ тәрбиелеу“ педагогикалық кеңес.


29-тамыз күні мектебімізде “Біртұтас тәрбие - саналы ұрпақ тәрбиелеу“ тақырыбында педагогикалық кеңес өткізілді. Педагогикалық кеңесте басымдылықты “Біртұтас тәрбие“ бағдарламасы мазмұнына аударылды. Өз кезегінде, мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г. Төлеген “Біртұтас тәрбие бағдарламаның мазмұндық бөлігінде тоқталып, бағдарламаны табысты іске асыруда мектепте жүзеге асатын жобаларды педагогтардың қолдауы арқылы жүзеге асатынын айтып берді. Мектеп директоры Б.А.Баймұратова «Бүгінгі өскелең ұрпақты тәрбиелеу – бұл еліміздің бейнесін қалыптастыратын тірек екенін атап өтті. Сондықтан білім құндылықтарға негізделген болса, тиімді болады. Тәрбие жұмысының жүйесінде оқушыларды адалдық және әдептілік қағидаттарына тарту маңызды. Өз әрекеттері үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға үйрету керек», - деді. Соңында мұғалімдерден кері байланыс алынып осы бағытқа баса назар аудару қажеттілігі айтылды.


Комментариев нет
23 просмотров
Автор: 64mektep
Добавлено: 30.08.2024 в 09:37

Возможно вас заинтересует...!