← Назад к новостям
Балаларды қорғау күн

Балаларды қорғау күн

b0132skobilim
01.06.2024 в 14:28
817 просм.
Нет комментариев

Балаларды қорғау күні-бұл барлық балалар үшін тек қана көңілді мереке ғана емес, сонымен қатар бұл қоғамға балалардың бақытты болып өсуі, оқуы, сүйікті ісімен айналысуы және болашақта өз елінің тамаша ата-аналары мен азаматтары болып өсуі үшін олардың құқықтарын қорғау қажеттілігін еске салатын мейрам. Балалық шақтың басты мерекесі-балаларды қорғау күні бізде де қуанышты, шатыққа толы болып өтті. Барлық қатысушылар бұл мерекені балалардың есінде ұзақ сақтарлықтай етіп өткізуге ат салысты. Балаларған арналған әуендер шырқалды, балалар қуана ойнады, ән айтты, би биледі, өлең айтты. Станцияларда балаларды ертегі кейіпкерлері күтті: Түлкі,мыстан кемпір, күлегеш және тіпті Аяз ата балаларға балмұздақ әкелді.. Балаларға арнайы тәттілер мен жемістерден құралған үстел жайылды. Барлық балалар шағын сыйлықтар алды. Іс-шара жол үстіне салнған суреттермен аяқталды.
"Юлия", "Ключи" ЖШС қызметкерлеріне және А. В. Вороновқа, Л. А. Вороноваға, Ю. А. Вороноваға, С. К. Косжановқа балаларға қуаныш сыйлағандары үшін, оларға назар аударып, мерекелерін жандандырғандары үшін, сыйлықтар үшін үлкен алғысымызды білдіреміз! Сіздерге амандық, денсаулық, табыс, тұрақтылық және өркендеу тілейміз!


                         

Автор: b0132skobilim · 01.06.2024
817
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT