← Назад к новостям
«IQ Summer 64» жазғы демалыс лагері.

«IQ Summer 64» жазғы демалыс лагері.

64mektep
03.06.2024 в 14:25
112 просм.
Нет комментариев

3 маусым мектепішілік «IQ Summer 64» жазғы сауықтыру алаңының ашылуы мектеп ауласында өткізілді. Алаңға мектеп 1-8 сынып оқушылары және алаң қызметкерлері мен құрметті қонақтар мен ата-аналар қатысты. Ашылу мерекесімен өнерпаз оқушыларымыз  құттықтап, бүлдіршіндерді алаңға белсене қатысуларын, бос уақыттарын тиімді өткізуге шақырды. Салтанатты жиында балалардың сүйікті кейіпкерлері «Көңілді Teddy аюлар» балаларды көңілді биге шақырып, бірге биледі.  Жиында «Атамекен» әні, «Өз елім» әндері орындалып, «Флешмоб» биі орындалды. Барлық оқушыларды мектеп фаесіне кіргізіп, алаңның ашылу рәсімін тамашалауға шақырып, «IQ Summer 64»  алаңына келген оқушыларға лагердің бірінші күннің аяқталуында тәтті балмұздақтар таратылды. Оқушыларды топ жетекшілері және тәлімгерлері белгіленген кабинеттеріне апарып, күн тәртіптерімен таныстырып, кітапхана, мектеп психологтары және медбике топтармен танысты. 

Автор: 64mektep · 03.06.2024
112
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT