← Назад к новостям
Мектебім, саған мың алғыс.

Мектебім, саған мың алғыс.

64mektep
25.05.2024 в 13:10
115 просм.
Нет комментариев

25 мамыр 11 сынып оқушыларына арналған «Мектебім, саған мың алғыс» тақырыбындағы салтанаттты мектебіміздің бітіруші түлектеріне арналған іс шарасы өткізілді. Мақсаты оқушылардың Отанын сүюге, қоршаған ортаны қадір тұтуға, ұстаздарды құрметтеуге, ұшқан ұясына қамқор болуға, алған білімдерін пайдалана алуына, әр бір істің нәтижесін қорытындылай білуге, адал азамат болуға тәрбиелеу болып табылды. Оқушыларымыздың «Мектебім», «Соңғы қоңырау» т.б. ұстаздар мен білім ұясына алғыс айтуға арналған әсем әндері айтылды. Түлектер жүрек жарды тілектерін ұстаздарына, ата-аналарына, достарына жолдады. Мектеп бітірушілер іс-шарасының құрметті қонағы «Балалар құқығын қорғау департаментінің басшысы Хасенова Гульсим Тукеновна, ата-аналар атынан Ақбергенова Ақмарал Ибраймжанова, мектеп директоры Баймуратова Бану Әлімжанқызы түлектерімізге құттықтау тілектерін арнады. Бітіруші тілектерімізге сәт сапар тілейміз!!! ВИДЕО КӨРУ

Автор: 64mektep · 25.05.2024
115
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT