← Назад к новостям
"Наурыз - бейбітшілік пен жақсылық мерекесі"

"Наурыз - бейбітшілік пен жақсылық мерекесі"

b0917skobilim
19.03.2024 в 15:30
162 просм.
Нет комментариев

2024 жылдың 19 наурызында "№2 Новоишим орта мектебі" КММ кітапханашылары А.А.Шериязданова, А.М.Базарбаева 1-11 сынып оқушыларына арналған "Наурыз - бейбітшілік пен жақсылық мерекесі", атты тақырыптық көрмені ұсынды.

Наурыз-өте көнеден келе жатқан мейрам. Наурыз сөзі парсы тілінде "нау"-жаңа,"рыз"-күн деген сөздерден шығып,жылдың бірінші күнін білдірген.Бұл күні күн мен түн теңелетін, жан-жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді "Ұлыстың ұлы күні"деп атаған.

Бәріміздің көптен күткен Наурызымыз да келді.Наурыз тойларың құтты болсын!Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді боп, тілектеріңіз қабыл болсын. Аман-есен тойдан тойға жетіп,ескі ауыртпалығыңыз ескі жылда кетіп,жаңа жылда жаңа үміт,жаңа тіршілікпен,осы ұлыстың ұлы күнінде елімізге,жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын. Барлық жақсы ниет,тілектеріңіз қабыл болсын!

Автор: b0917skobilim · 19.03.2024
162
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT