← Назад к новостям
Мектеп түлектерімен кездесу

Мектеп түлектерімен кездесу

b123skobilim
30.01.2024 в 12:08
127 просм.
Нет комментариев

Қаңтардың 30 күні, 10-11сынып оқушыларына мектеп түлектерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге мектебіміздің түлектері Исенов Алмас пен Доскин Асар қатысты. Бүгінгі таңда Алмас пен Асар жоғары әскери оқу орындарында оқиды. 


   Қаңтардың 30 күні, 10-11сынып оқушыларына мектеп түлектерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге мектебіміздің түлектері Исенов Алмас пен Доскин Асар қатысты. Бүгінгі таңда Алмас пен Асар жоғары әскери оқу орындарында оқиды. Исенов Алмас- Петропавл қаласындағы ҚР Ұлттық ұлан академиясының 3-курс курсанты, Доскин Асар-ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының 3 курс курсанты. Кездесу барысында түлектеріміз өздерінің әскери өмір туралы баяндап, академияның қызметі туралы айтылды. Еліміздің болашағы үшін жұртымыздың тыныштығын сақтауға өз өмірлерін арнап жатқан ер- азаматтарымыздың қатары көбейе берсін деген ниетпен, жылы лебіздеріңіз білдірген Алмас пен Асарға ақ жол тіледік. Осындай Отанды қорғау мамандығын таңдаған жігіттерге, арқашанда мықты денсаулық, амандық, шекарамыз берік, еліміздің тыныштығын сақтауда үлкен батылдық пен қайсарлықты тілейміз.

Автор: b123skobilim · 30.01.2024
127
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT