← Назад к новостям
Отбасы мен мектеп-әлеуметтік серіктестер

Отбасы мен мектеп-әлеуметтік серіктестер

b0129skobilim
22.01.2024 в 10:04
524 просм.
Нет комментариев

Отбасы мен мектеп-әлеуметтік серіктестер. Қаңтар айына арналған ата - аналарды педагогикалық қолдау жұмыс жоспары бойынша №2 Саумалкөл мектеп-гимназиясында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысы аясында ата-аналармен кездесу өтті. Орталықтың қызметі балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде ата-аналардың және басқа да заңды өкілдердің құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған. Сабақта ата-аналар интерактивті режимде балаларымен позитивті қарым-қатынастың алғашқы дағдыларын , олардың психологиялық, эмоционалдық жағдайын түсінуді үйренді , бұл балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынастың бұзылуы сияқты күрделі мәселенің тамырына әсер етуге көмектеседі. Ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламаларының мазмұны ұлттық құндылықтарға, балалардың әл-ауқатының теориялық негіздеріне негізделеді, олардың дамуының жас ерекшеліктерін ескереді.
Сауле Авбакировна Максутова , директордың ТЖ орынбасары.

Автор: b0129skobilim · 22.01.2024
524
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT