← Назад к новостям
2023 жылғы 22-23 желтоқсанда ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші (облыстық) кезеңі өтті

2023 жылғы 22-23 желтоқсанда ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші (облыстық) кезеңі өтті

b0128skobilim
27.12.2023 в 10:24
746 просм.
Нет комментариев

2023 жылғы 22-23 желтоқсанда ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші (облыстық) кезеңі өтті. Олимпиадаға 9-11 сыныптардың 26 оқушысы қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша г.Құрманғалиева, 11-сынып оқушысы 1-орын (Қазақстан тарихы), М. Өмірболатов, 10 – сынып оқушысы-2 – орын (Қазақстан тарихы) және А. Гаврилова, 11-сынып оқушысы-3-орын (Орыс тілі мен әдебиеті) иеленді.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Одан әрі табыстар мен жоғары жетістіктер тілейміз!!!
Тарих пәнінің мұғалімі Е.Ж. Бұқановқа, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі И. Е. Соболеваға кәсібилігі, әр балаға ерекше көзқарасы, шексіз шыдамдылығы мен жауапкершілігі үшін зор алғысымызды білдіреміз.


Автор: b0128skobilim · 27.12.2023
746
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT