← Назад к новостям
Менің туған өлкем - ұлы ұлттардың, әртүрлі тілдердің туған жері

Менің туған өлкем - ұлы ұлттардың, әртүрлі тілдердің туған жері

b1418skobilim
24.12.2023 в 09:23
427 просм.
Нет комментариев

22 желтоқсанда №21 орта мектепте Қазақстан халықтары Ассамблеясының өкілдерімен бірлесіп Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара өткізілді. Мереке қонақтары 9, 10 және 11 сынып оқушыларымен "Брейн ринг" зияткерлік ойынын өткізді. Ойын барысында біздің балалар Қазақстан тарихы бойынша лайықты дайындық деңгейін көрсетті. Жеңісті 9-сынып командасы жеңіп алды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ойыннан кейін 5-7 сынып оқушылары Қазақстан халықтарының мәдени мұраларын таныстырды: сахнада поляк, неміс, әзірбайжан тілдерінде әндер мен өлеңдер шырқалды, тәжік, қазақ билері орындалды. Қазақстан халықтары Ассамблеясының өкілдері қатысушыларға ұйымдастырылған іс-шара үшін алғыстарын білдірді.




Автор: b1418skobilim · 24.12.2023
427
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT