← Назад к новостям
"Бес асық"

"Бес асық"

b141skobilim
07.12.2023 в 19:46
1586 просм.
Нет комментариев

"Бес асық"


"Бес асық"
Қазақтың ұлттық ойындарын жаңғырту, насихаттау мақсатында, мектебімізде 23 қараша күні 4-ші сыныптар арасында "Бес асық" ойыны жарыс түрінде ұйымдастырылып өткізілді.
"Бес асық" ойыны ата-бабаларымыздан мирас болып келе жатқан асыл мұраларымыздың бірі болып табылады.
4- сыныптың балалары асық ойынына қызығушылық танытты. Сондықтан мұғалімдер бес асық ойынының ережелерімен таныстырып, асықты қалайша қағып алу жеңіл, қалайша қағып алу қиындық тудыратынын көрсетті. Содан кейін оқушылар екі топқа бөлінді де қызу жарыс басталып кетті. Кейбір оқушылар ыңғайлары келмесе де намысты қолдан бермеуге тырысты. Екі топтың да нәтижелері бірдей шығып, достық жеңді. Оқушылардың барлығы тырысып, жеңіске жеткілері келіп талпынып жатты. Жарыс қызықты, көңілді өтті. Оқушылар болашақта жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, қалалық, облыстық сайыстарға қатысады деп сенеміз.

Автор: b141skobilim · 07.12.2023
1586
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT