← Назад к новостям
Құттықтаймыз!!!

Құттықтаймыз!!!

b1411skobilim
17.11.2023 в 16:55
437 просм.
Нет комментариев

Қазан айы пікірталас турнирлеріне толы болды. 15 қазанда "Human Rights Debate" облыстық пікірсайыс турнирінің іріктеу туры өтті.
Осы турнирде біздің мектептен 2 команда ұсынылды:
Бақтыбаева Аделина мен Пичевский Данил - "Фемида" командасының спикерлері, Карачков Владислав пен Баязитов Тимур - "Кремень"командасының спикерлері. Оқушылар барлық іріктеу турларынан өтіп, ең жоғары баллмен турнир финалына өтті.
29 қазанда "Human Rights Debate" облыстық пікірсайыс турнирінің финалы өтті.
Турнирде құқықтық тақырып көтерілді. Балалар адам құқықтары, сөз бостандығы, демократия мәселелері бойынша өз ұстанымдарын дәлелдеді.
1 орын - "Кремень "командасы
3 орын - "Фемида "командасы

Автор: b1411skobilim · 17.11.2023
437
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT