← Назад к новостям
"Теңге-біздің тәуелсіздігіміздің символы" дөңгелек үстелі

"Теңге-біздің тәуелсіздігіміздің символы" дөңгелек үстелі

b0128skobilim
14.11.2023 в 08:28
571 просм.
Нет комментариев

15 қарашада Қазақстандық ұлттық валютасы – теңгеге 30 жыл толады.
Осы мереке қарсаңында Саумалкөл № 1 орта мектебінің кітапханасында "Теңге – біздің тәуелсіздігіміздің нышаны" атты дөңгелек үстел өтті. Кездесуге Халық банкінің өкілі Н.В.Голимбовская, мектеп директоры М.Ш.Туралинов, тарих пәнінің мұғалімі Е.Ж.Букенов қатысты.
Балаларға тәуелсіз Қазақстанның басты атрибуттарының бірі - теңгенің пайда болу және қалыптасу тарихы, қорғау дәрежелері, әлемдік экономикалық нарықтағы валютаның рөлі туралы айтылды. Кездесу еркін форматта өтті, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.


Автор: b0128skobilim · 14.11.2023
571
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT