← Назад к новостям

«Зерттеу шеберханасы»

b0129skobilim
25.10.2023 в 10:05
253 просм.
Нет комментариев

Ағымдағы оқу жылында №2 Саумалкөл мектеп-гимназиясында 19 жас маман қызмет етуде. Бұл мектеп-гимназия мұғалімдерінің жалпы санының 21% құрайды. Егер қазіргі уақытта жас педагогтерді қолдамасақ, жан-жақты көмек көрсету іс-шаралары қабылданбаса, алдағы онжылдықта жоғары білікті педагогтердің жетіспеу қаупі туындауы мүмкін екені белгілі болды.
🧑🏫👩🏼🏫👨🏼🏫 Жас мамандарды әдістемелік жағынан қолдау мақсатында он күн ішінде «Зерттеу шеберханасы» жұмыс істейді. Жас мұғалімдердің тәлімгерлері (Субачева И.С., Батжанова С.Т., Маханбетова Д.К., Нұрмұхамбетова Г.К.) және тәжірибелі мұғалімдер (Лобанова Е.В., Дель Н.А., Лыткин В.В., Жакупова С.Б.) жас мамандардың сабақтарына қатысады. Тәлімгерлер мен тәжірибелі мұғалімдер жас мамандардың сабақтарын бақылағаннан кейін, ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары Б. Сейткожинамен бірлесе отырып, кездесулер өткізеді, онда әр жас маман ақпараттық кері байланыс алады.

Автор: b0129skobilim · 25.10.2023
253
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT