
2023 жылдың 26-27 мамыр аралығында Мағжан Жұмабаевтың туған жері Сарытомар ауылында жалпы білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары арасында Республикалық «Мағжан оқулары» байқауының облыстық кезеңі өткізілді.

Мағжан оқуларының мақсаты: Мағжан шығармалары арқылы халқымыздың рухани мұрасын, ұлылар поэзиясын насихаттау, жаңа буынның интеллектуалдық пайым-парасатын арттыру, мектеп оқушыларын классикалық әдебиетті оқуға ынталандыру.

Мағжан оқуларының облыстық кезеңіне барлығы 42 оқушы қатысты. Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және құнды сыйлықтармен марапатталды.
Бас жүлде – Аққайың ауданы, Смирнов орта мектебінің 9 сынып оқушысы Мамбетова Айдана, «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» номинациясында І орын – Жамбыл ауданы, Ғ. Мүсірепов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 9 сынып оқушысы Мырзыш Жансая ....., «Жасынан оқу оқып, өнер қуған...» номинациясында І орын – Шал ақын ауданы, К. Салықов атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы Есқақ Әдемау, «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» номинациясында І – орын Қызылжар ауданы, Бәйтерек орта мектебінің 7 сынып оқушысы Мархабай Арай.
Автор: saparov.muhanbetali
Добавлено: 27.05.2023 в 15:36