4 МАУСЫМ – МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Құрметті Қазақ елі! «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы» сіздерді 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды!
Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер. Оның мазмұнды нышандары кешегі өткенімізді айшықтап, ертеңгі мақсатымызды айқындап тұр.
⠀
Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз бойымызға кемелді келешегіміз бен бақытты болашағымызды баянды ететін күш-жігер сыйлай берсін! Әрдайым бірлігі мен бекересі жарасқан тәуелсіз Отанымыздың тұғыры мығым, мәртебесі биік болсын!
59
0



