«Ғарыш әлеміне саяхат» танымдық-ойыны.
12-сәуір «Ғарышкерлер күніне» орай, оқушылардың ғарыш туралы түсінігін кеңейту, еліміздің мақтаныштары – қазақ ғарышкерлерімен таныстыру мақсатында 5-7 сынып оқушыларына «Ғарыш әлеміне саяхат» танымдық-ойыны ұйымдастырылды.
Шара барысында оқушылар ғарышкерлер туралы деректі фильм көріп, ғарыш әлемі туралы түрлі сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, бала қиялындағы ғарыш әлемінің суретін салып, ғарышкерлерімізге өздерінің құттықтау хаттарын жолдады.
Видео көру.
Автор: 64mektep
Добавлено: 12.04.2023 в 14:25