Құрметті ата-аналар, ұстаздар, балалар, ағымдағы жылғы 1 сәуірден бастап 2023-2024 оқу жылына 1 сыныпқа құжат қабылдау басталды!
ҚР БжҒМ-ң 16.10.2018 жылғы № 564 бұйрығына сәйкес, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мектептердің бірінші сыныбына қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен бастап 1 тамызына дейін жүзеге асырылады.

1-сыныпқа 6 жастан бастап балалар ата-анасының немесе білім алушылардың заңды өкілінің жеке өтініші негізінде қабылданады.
Ата-ана адын-ала мектепті белгілеп, egov.kz веb порталы арқылы және қағаз түрінде өз өтініштерін тапсыра алады.
Өткен жылғы қабылдауға жүргізген талдауға сәйкес, ата-аналардың 80%-ы электрондық портал арқылы өтініш берді.
Қажет құжаттар тізімі:
Өтінішті Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, мектептерде орналасқан өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштарында тапсыруға болады.
«Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін алу алгоритмі:
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены