Меню KDT
#ұлысоңболсын

"Қош келдің, Әз-Наурыз" тақырыбында, мектеп жоспарына сәйкес дәстүрлі наурыз мерекесін қарсы алуға арналған іс-шараларды алғашқы болып 1 сынып оқушылары ашты.


"Қош келдің, Әз-Наурыз" тақырыбында, мектеп жоспарына сәйкес дәстүрлі наурыз мерекесін қарсы алуға арналған іс-шараларды алғашқы болып 1 сынып оқушылары ашты. Бастауыш сынып мұғалімдері ұйымдастырған іс-шара барысында ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлер, ырым, жоралғылар жайлы көрсетіліп, көңілді әндер айтылды. Көктемнің шуағын шашқан мерекеге ата-аналарда атсалысып, ұлттық құндылықтарды бүлдіршіндердің бойларына сіңіруге үлкен үлестерін қосты. Мерекеде ұлттық ойындар ойнатылып, дастархан басында дәстүрімізге сай асқа бата беріліп, дәм қайырылды.


Комментариев нет
218 просмотров
Автор: b0127skobilim
Добавлено: 17.03.2023 в 09:26

Возможно вас заинтересует...!